Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіретін уақыт жетті
- author «Ақ жол»
- 25 желтоқсан, 2014
- 797
Бұл туралы бүгін Киевке жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен екіжақты кездесуі барысында айтты.
«Мен Киевке әруақытта да зор ризашылықпен келемін. Мен үшін бұл жастық шағыма оралу және бұл ғана емес. Кезінде мен металлург ретінде, кейіннен Қазақстан басшысы ретінде көптеген кәсіпорындарда болдым. Қазіргі уақытта біздер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сөйлесе бастадық. Дегенмен, БАҚ арқылы жүз рет тілдескеннен бір-біріміздің көзімізге қарап, бір рет жүздескеніміз жақсы», – деді Елбасы.
ҚР Президенті қиындықтарға қарамастан екі елдің арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіретін уақыттың жеткенін баса айтты. Сонымен қатар Украина Президентін елдегі қиындықтарға қарамастан Рада сайлауын өткізуімен, жаңа Үкімет жасақтауымен құттықтады. «Бұл – Президент Порошенконың бірінші үлкен жеңісі. Сонымен қатар мен толық қолдау білдірген Минск хаттамасы, Минск процесі де сіздің еңбегіңіз. Қазіргі уақытта барлығына конфронтациядан ымыраға келіп, оның негізінде экономикалық байланыстарды қалпына келтіру қажет», – деді Н.Назарбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




