Мәслихат шешімдерімен таныстырды
Облыстық мәслихат тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы кеше өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев баяндады. Абдалы Тоқбергенұлы биылғы жылдың 19 наурыздағы сайлау нәтижесінде жаңадан жасақталған депутаттық құрамның жұмысына шолу жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, брифингте облыстық мәслихаттың VIII шақырылымдағы сессияларында көтерілген мәселелерге де тоқталып өтті.
– Бүгінгі күнге дейін мәслихатта жалпы саны 5 сессия өтсе, оның 2-еуі кезектен тыс сессия болды. Сессиялардың күн тәртібінде негізінен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды мәселелері қаралды. Мәслихат сессияларында барлығы 3 негізгі мәселе қаралып, жалпы саны 46 шешім қабылданды, оның ішінде 10 шешім әділет органдарында тіркеуден өтті, – деді Абдалы Тоқбергенұлы.
Жалпы, мәслихаттың жұмыс барысымен жан-жақты таныстырған Абдалы Тоқбергенұлы баспасөз мәслихаты соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Aq jol»-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- 16 желтоқсан, 2025
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




