Әлеуметтік саланың даму барысы қаралды

Әлеуметтік саланың даму барысы қаралды
ашық дереккөз
Әлеуметтік саланың даму барысы қаралды
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік саланың даму барысы қаралды. Осы салаға жауапты басқарма басшылары бүгінге дейін салада атқарылған жұмыс барысымен таныстыра келіп, шешімін таппаған мәселелерге де тоқталып өтті. Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, жыл соңына дейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 54 156 адамды қамту жоспарланған. Жоспар бүгінгі таңда 80,2 пайызға орындалған. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» жөніндегі тапсырмасына сәйкес биыл аймақта 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жоспар асыра орындалды. Бүгінгі таңда 14 059 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, басқарма басшысы «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақ келісімшарты», «Күміс жас» жобаларының жүзеге асырылу нәтижелері туралы баяндады.  

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар