Мал иелерінің міндеті қандай?

Мал иелерінің міндеті қандай?
ашық дереккөз
Мал иелерінің міндеті қандай?
Ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау – қоғамдық мәселе, бұл адамзат денсаулығының кепілі және мал шаруашылығы дамуының негізі болып есептеледі. Сондықтан, жыл сайын мемлекет есебінен қаржы бөлініп ветеринариялық іс-шаралар атқарылуда. Республикалық бюджет есебінен бекітілген жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларына аса қауіпті ауруларға қарсы егу және диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазақ халқы үшін ішсе – асы, кисе – киімі, мінсе – көлігі, тұтынса – бұйымы, берсе – сыйы, дауласа – құны болған төрт түлігін түгел өргізіп, тіршілігін төрт түлікпен тығыз байланыстырған. Десек те, бүгінгі таңда мал иелерінің өз меншігіндегі төрт түлігіне бей-жай қарауы мәселе туындатып отыр. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабы бойынша «Жеке және Заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері» туралы жазылған:
  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету.
  2. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;
  3. Жануарлар өлген, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
  4. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға жануарларды сатқанда және сатып алғанда немесе орнын ауыстырғанда хабарлау және ілеспе құжаттары болуы міндетті.
  5. Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;
  6. Ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;
Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодексінің 406-бабы бойынша Жеке және заңды тұлғалар тарапынан ветеринария саласында заңбұзушылықтар орын алған жағдайда қолданылатын әкімшілік шаралар қолданылады.  

Асқар ТОХАБАЕВ,

облыс әкімдігі ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

Ұқсас жаңалықтар