ҚАЖ қызметкерлері шеберліктерін шыңдады
Ептілік, төзімділік, шапшаңдық, дәлдік, батылдық. Бұл қасиеттердің барлығы дерлік құқық қорғау органдарында қызмет ететін әрбір тәртіп сақшысының бойынан табылуы тиіс. Себебі, мұнда тәртіп қатаң, бақылау басты назарда. Әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындауы шарт. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы полигонда жоспарға сай өткен оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін тағы бір шыңдауға мүмкіндік алды. Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері 9-мм Макаров тапаншасынан нысанаға оқ атып, кезекті рет өздерінің құралайды көзге атқан мерген екендіктерін дәлелдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




