Аймақ сарбаздары абырой биігінде

Аймақ сарбаздары абырой биігінде
ашық дереккөз
Аймақ сарбаздары абырой биігінде
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрама командасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері чемпионатынан жақсы нәтижемен оралды. Әскери триатлон және қызметтік қарудан ату бойынша жарыстар әскердің үздік спортшылары мен атқыштарын анықтап, оңтүстіктің әскери қызметшілері лайықты орындарға ие болды. – Қарулы Күштер чемпионатын ауқымы жағынан республикалық маңызы бар чемпионатпен салыстыруға болады. Қарулы Күштер чемпионатына Қазақстанның түкпір-түкпірінен, әскери түрлері мен салаларынан, өңірлік қолбасшылықтардан әскери қызметшілер қатысуда. Жарысқа ең мықты әскерилер келді. Жекпе-жек салмақты болды, бәсекелестік рух жоғары деңгейде көрініс тапты. Дәл осындай байқаулар ең мықтыларды саралап, Отан қорғаушылар арасында бәсекелестікті арттырады және біліктілікті шыңдайды, – деп түсіндірді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ұлттық құрама командасының басшысы, РҚБ дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, майор Темір Жақиев. Чемпионаттың Калашников автоматынан оқ атудан АК-3 оқу-жаттығуы бойынша бірінші орынды Шымкент қалалық «Оңтүстік» РГК механикаландырылған бригадасының (35748 әскери бөлімі) жеке келісімшарт қызметінің әскери қызметкері Әйгерім Әріп жеңіп алды. «Оңтүстік» РҚК бөлімшелерінің екі әскери қызметкері Макаров тапаншасынан ату бойынша бірден үздік үштікке енді. Осылайша ерлер мен әйелдер арасында жүлделі үшінші орындарды Луговой гарнизонының ефрейторы Жасұлан Таңатов (03811 әскери бөлімі) пен Сарыөзек гарнизонының жауынгері, сержант Қуаныш Бейбітова (12740 әскери бөлімі) иеленді. – Көрсеткіш жаман емес, біздің әскерилер «Әскери триатлон» секциясында жақсы өнер көрсетті. Қарулы Күштер чемпионатына қатысу және жүлделі орындарға ие болу көптеген әскери қызметшілерімізге Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындауға мүмкіндік берді. Додада граната лақтырудан Шымкент гарнизонының әскери қызметшісі, старшина Әсілбек Қарабай (35748 әскери бөлімі) гранатаны 70 метрге лақтырып, екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, 600 метрлік кедергілер жолағында «Оңтүстік» РГК танк бригадасындағы әскери қызметшіміз екінші орынды иеленді. Аға сержант Бектөре Назашов жолақты 2 минут 20 секундта еңсерді. Жалпы, жеке біріншілікте старшина Әсілбек Қарабай бірінші орынды, аға сержант Бектөре Назашов екінші орынды жеңіп алды, – деді майор Темір Жақиев. Чемпионат қорытындысы бойынша әскери триатлоннан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командасы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен Әуе қорғанысы күштері командаларын басып озып, жалпыкомандалық есеппен бірінші орынды иеленді. Қызметтік қарудан ату бойынша жалпы есепте «Оңтүстік» командасы үш жеңімпазға, атап айқанда Аэро-десанттық-шабуылдаушы күштерінің, «Шығыс» РҚК және Операциялық күштердің командаларына жол беруге мәжбүр болды, бірақ басқа тоғыз команданы артта қалдырды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты бөлімшелердің әскери қызметшілері сержант Әсілбек Қарабай, аға сержант Бектөре Назашов, ефрейтор Әсілхан Сейітбеков және аға сержант Нұрсұлтан Нұрлыбаев спорт шебері атанды. Жалпы нәтижеге «Оңтүстік» РГК құрамасының әрбір әскери қызметшісінің күш-жігері мен қосқан үлесін атап өткен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы дене шынықтыру бөлімінің бастығы, команда жаттықтырушысы, 3-санатты сержант Нұрсейітқожа Сейіткәрімнің жетекшілігімен жауынгерлеріміздің қызу дайындықтан өткенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, мұндай байқаулар алдағы уақытта да жемісті жалғасын тауып, әскерилеріміздің біліктілігін шыңдауға өз үлесін қосатынын жеткізді.  

 Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Ұқсас жаңалықтар