Психологиялық даярлық өрт сөндірушілер үшін маңызды
Өрт сөндірушілердің жұмысында әртүрлі жағдайлар кездеседі, тіпті ажалмен бетпе-бет келетін сәттер де жиі болады. Кейде өртті сөндіру өмір үшін күреспен барабар. Бұл әдеттен тыс жоғары температураға, түтінге, жанғыш заттардың уыттылығына ықпал етеді. Өртті сөндіруге тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар практикалық білімі бар мамандар да жіберіледі. Өрт сөндіруші-құтқарушылардың бойында моральдық-психологиялық қасиеттерді барынша дамыту олардың қиын қызметтерінде өз көмегін тигізеді. Төтенше жағдай немесе өрт кезінде от жауынгері қорқыныш пен қателікке жол берсе, физикалық дағдылары одан әрі төмендеген үстіне төмендейді. Тактикалық жаттығулар өртті жоюға бағытталған дайындықтың ажырамас бір бөлігі.
Сондықтан жоспарға сәйкес, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қалалық және аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері өздерінің кәсіби біліктілігін одан әрі арттыру мақсатында психологиялық отты жолағын еңсеру практикалық дағдыларын шыңдауда.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді