Жол саласына айрықша көңіл бөлгені қуантты
1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған кезекті Жолдауын жариялап, онда жол саласындағы бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау қажеттігін айтты. Осы мақсатта өз міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылатынын да атап өтті. Қысқасы, өз жұмысына атүсті қарайтындар айыпталады. Рас, қазынадан қыруар қаржы бөлінсе де, жол мәселесі әлі күнге түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Бас құжатта осы мәселелерге айрықша назар аударылғаны қуанатты. Айта кетейік, 2019 жылдан бері елімізде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өз жұмысын бастады. Орталықтың негізі сол кезге дейін өз қызметін атқарып келген «Облжолзертхана» мемлекеттік мекемесі еді. Бүгінде бұл орталық тамырын тереңге жіберіп, жас мамандармен қатарын нығайтып отыр. Кәсіпорынға мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар еңбек еткен білікті маман Замир Сағынов жетекшілік етуде. Әрине, орталықтың барлық жұмысы керемет деп кесіп айту қиын. Жұмыс болған соң, кейбір олқылықтар да болуы мүмкін. Десе де, осы орталықтың мамандары жол сапасын арттыруға мейлінше күш салуда.
Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажеттігі жөнінде тапсырма берді. Осы орайда, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» қызметкерлеріне артылар міндет жүгі ауыр. Жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ жол активтерінің басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау орталықтың бұған дейінгі міндеті болса, ендігі кезекте осынау жауапкершілік екі есе арта түспек. Қорыта айтқанда, жолдың сапасын жақсартып, оның торабын кеңейту үшін жүйе қажет-ақ. Сонда талап күшейеді. Ал, талап күшейсе, жауапты компаниялар міндетін мүлтіксіз атқаруға күш салады.
Жұмахан ШӘКІРБАЕВ,
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалының жетекші сарапшысыҰқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- 16 желтоқсан, 2025
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




