«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаңа оқу жылына дайындық жоғары

Жаңа оқу жылына дайындық жоғары
ашық дереккөз
Жаңа оқу жылына дайындық жоғары
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Жаңа оқу жылына дайындық» тақырыбында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Брифинг барысында білім беру ұйымдарындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының өткізілуі, қауіпсіздік шаралары, соның ішінде бейнебақылау жүйесінің, спорт залдарының, асханалардың, мектептердің оқу жылына, қысқа дайындығы жайлы айтылды. Жалпы, облыста білім саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Былтыр білім саласына 244,1 миллиард теңге қарастырылса, биыл 284,8 миллиард теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артты. Жаңа оқу жылында 494 мектепке болжаммен 249 мыңнан аса оқушы келеді деп күтілуде. Бірінші сыныпқа бүгінгі күнге 22 861 оқушы қабылданған. 25 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 9 мектеп пен 5 мектептің жапсарлас құрылысы пайдалануға беріледі. Ал, 11 нысан құрылысы 2024 жылы аяқталады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында соғылатын 12 мектептің ішіндегі 7 мектептің құрылысы осы жылы басталса, 5-і 2024 жылы басталмақ. Бұдан бөлек, 4,4 миллиард теңгеге 17 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде. Бүгінгі күні 1 мектеп-интернаттың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Облыста үш ауысымды 4 мектеп, апатты 3 мектеп, оқушы орнының тапшылығы бар 2 мектеп тіркелген. Тараз қаласындағы оқушы орны тапшылығы бар 2 мектептің мәселесі «Арай» алабындағы жаңа мектептің құрылысы есебінен шешіледі. Білім нысандары жылыту маусымына 90 пайызға дайын. Тағы бір айта кетерлігі, 2,5 миллиард теңгеге мектептер жаңғыртылуда. Бүгінге 22 модификациялық кабинеттер сатып алынған. – Интернет жылдамдығы 20 мегабит/ сек төмен 165 мектептің жылдамдығын көтеруге 61 миллион теңге бөлінді. Байланыс операторларымен бірлескен жұмыстар нәтижесінде 28 мектепте интернет жылдамдығы көтерілді. Қазіргі таңда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары мемлекеттік 690 білім беру ұйымында жүргізілуде. Білім беру нысандарының қауіпсіздігіне 1,8 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі күні 690 білім нысаны 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтылды. «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы биыл 1 тамыздан бастап «Жақсылық жаса!» ұранымен өткізілуде. Акцияны өткізу 30 қыркүйекке дейін жалғасады, – деді Нұржан Сәбитұлы. Аталған акция бойынша аудандар мен Тараз қаласында 29 шілдеден бастап орталық алаңдар мен саябақтарда, сауда орталықтарында жәрмеңкелер өткізілген болатын. Нәтижесінде «Мектепке жол» акциясы аясында жекелеген санаттағы 2130 балаға 68 миллион 377 мың теңгеге демеушілер есебінен көмек көрсетілген. Жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан 49 137 оқушыны әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 6,1 миллиард теңге бөлінген. Балаларды киім-кешек және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге былтыр әр балаға 37 389 теңгеден қарастырылса, осы жылы әр балаға 40 567 теңгеден бөлініп, ата-аналардың жеке шоттарына аударылуда. – Өңірдегі «Мейірім» жобасы аясында 96 мекеме 137 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Жоба аясында 1331 баланың «Отбасы банкінде» ашылған шоттарына бекітілген мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындар 65 миллион теңгеден астам қаржы аударды. Сондай-ақ, біз ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеу бойынша жұмыстарды да күн тәртібінен түсірмеуге тиіспіз. Өткен оқу жылында демеушілердің қолдауымен 150 миллион теңгеге психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттердің материалдық базалары нығайып, қызметтік автокөліктер алынды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен Қаратау қаласындағы облыстық «Үміт» мектеп- интернаты 28,7 миллион теңгеге қажетті құралдармен қамтылды. Аталған қорға алдағы уақытта 8 мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 654 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдықтардың жобалары әзірленіп, жолданды. Оқулықтарды сатып алуға биыл 3,1 миллиард теңге бөлініп, оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етілетін болады, – деді Нұржан Календеров. Бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылу мәселесіне келер болсақ, оған облыстық бюджеттен 2,5 миллиард теңге қаржы бөлініпті. Мектепке дейінгі ұйымдардағы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 11 326 баланы тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 425 678,0 мың теңге қарастырылған. Оқу жылының басына дейін барлық қажетті жұмыстар аяқталып, балалар еш кедергісіз оқуларына кірісіп кетуі тиіс.  

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

   

Ұқсас жаңалықтар