«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Республикалық пән олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті

Республикалық пән олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті
Автор
Осы жылдың 3-7 сәуірі аралығында Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық пән олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Ауқымды білім бәсекесін оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен облыс әкімдігінің білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Аталған олимпиада Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, сондайақ орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәндері бойынша ұйымдастырылып, Тараз қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының базасында өтті. Білім додасының мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, олардың интеллектуалдық және ғылыми әлеуетін дамыту, пәндерге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысатын құрама команданы жасақтау. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 270 оқушы қатысып, өз білімдерін сынға салды.

Айта кету керек, 4 сәуір күні олимпиаданың бірінші кезеңі өтіп, қатысушылар білім сынағынан өтті. Сонымен қатар А.Тоқпанов атындағы академиялық драма театрында «Айша бибі – махаббат дастаны» қойылымын тамашалады. 5 сәуірде олимпиаданың екінші кезеңі ұйымдастырылып, оқушылар түрлі тапсырмаларды орындады. Сол күні қатысушылардың бірбірімен жақынырақ танысуына және командалық рухты нығайтуға бағытталған тимбилдинг өтті.

6 сәуір күні апелляциялық жұмыстар жүргізіліп, оқушылар көне Тараздың тарихи орындарына саяхат жасады. Олар «Қарахан баба» кесенесін, «Шахристан» және «Көне Тараз» этномәдени кешендерін аралап, өңірдің бай тарихымен танысты. Ал 7 сәуір күні Тараз қаласындағы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Республикалық олимпиада дарынды жастарды қолдау мен олардың білімін шыңдауға бағытталған маңызды алаң ретінде өз мәресіне жетті.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Ұқсас жаңалықтар