Бұл талқылау – жай ғана сабақ емес, тарихпен бетпе-бет келу. Студенттер осы роман арқылы ой-өрісін дамытып, тарихи шығармаға деген өз қорытындыларын айта білді. Жиын соңында ұйымдастырушылар жастардың белсенділігін жоғары бағалап, мұндай кездесулердің оқу мәдениетін қалыптастыруда маңызы зор екенін жеткізді.
Айта кету керек, жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілетін «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан басталды. Бүгінге дейін қазақ әдебиетінің ең таңдаулы 53 классик ақын-жазушысының үздік шығармаларын оқырман қауымға ұсынып, насихаттап келеді. 2026 жылы бүкіл ел болып оқуға Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы таңдалды. Бұл романда халқымыздың тарихы мен тағдыры, елдік пен ерлік, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтар терең суреттелген.
Гүлсара БАҚБЕРДИЕВА,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығы
«Қорды ұйымдастыру және сақтау»
бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ауыл мектептерінің оқу кабинеттері жаңартылуда
- 2 сәуір, 2026
Өз жүрегіңді оқығандай әсер аласың
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




