Инвестициялық жобалар таныстырылды
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар жобалар қаралды. Атап айтқанда, «Altynalmas Reagents» ЖШС-ның директоры Уәлихан Атагелдиев «Натрий цианидін өндіру» бойынша инвестициялық жобасын жүзеге асырудағы бірқатар мәселелерді шешіп беру бойынша көмек сұраса, «Arion Invest Eco-Plast» ЖШС-ның өкілі Әлібек Сүлейменов «Тараз ХимПарк» АЭА «Полипропилен қаптарын шығаратын зауыт салу» бойынша инвестициялық жобасын таныстырды. Ал, «ADS Industries» ЖШС-ның өкілі Сәкен Арапбаев «Тараз ХимПарк» АЭА электр энергиясын өндіру үшін «Газ генератор станцияларын салу» бойынша инвестициялық жобасын ұсынды.
Нұржан Нұржігітов облыс экономикасы үшін тиімді жобаларға жергілікті билік заң аясында, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қажетті қолдау шараларын барынша көрсететінін жеткізді. Жауапты тұлғаларға кейбір мәселелердің шешу мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру бойынша тапсырмалар жүктеді.
Аймақ басшысы инвесторларға өздері тарапынан құжаттама жұмыстарын тезірек реттеп, құрылыстарды ертерек бастау керектігін айтты.
Сондай-ақ, облыс әкімі инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтуға бағытталу қажеттігін баса айтты.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді