Ел айбары – Ата Заң!

Ел айбары – Ата Заң!
ашық дереккөз
Ел айбары – Ата Заң!
Ата Заң күніне орай облыс орталығындағы «Баласағұн» орталық концерт залында салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен түндігі түрілген мерекелік іс-шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов арнайы қатысып, өңір тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде тәуелсіздік жылдары елімізбен бірге Әулиеата өңірінің де әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып, сан саладағы көрсеткіштер еселенгенін атап өтті. – Баршаңызды Қазақст ан Ре спубликасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Конституция мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалай отырып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге әрі Қазақстан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты. Ата Заңымыз қабылданған 28 жыл ішінде еліміз жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындырды. Қасиетті Әулиеата өңірінің де әлеуметтік-экономикалық әлеуеті еселеніп, сан саладағы көрсеткіштері арта түсті. Бүгінде облысымыз жаңа даму кезеңіне қадам басып, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және әлеуметтік салада көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Биыл жыл басынан бері өңірге 241 миллиард теңге инвестиция тартылды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында облыс бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 38200 адам тартылды. Халықтың орташа табысы 21,2, орташа жалақы мөлшері 12,4 пайызға өсті. «Ауыл аманаты» жобасы өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетіп, бүгінде 50 ауылдық округте 11 мыңға жуық адам өз кәсіптерін іске асыруда. Жыл басынан бері 349,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 2 564 пәтерлі 45 үй ел игілігіне берілмек. «Асар» жобасы басталғалы жанашыр ағайынның көмегімен 338 мұқтаж жерлесіміз баспаналы болса, биыл 105 отбасына қуаныш сыйласақ деген ниетіміз бар. Бүгінге дейін 11 отбасы баспаналы болды. Биыл 32 елді мекен мен қалалардағы 6 тұрғын алқап ауыз сумен қамтылатын болады. Осы арқылы елді мекендерді 96,5, қалаларды 97,5 пайыз ауыз сумен қамтимыз. Сондай-ақ, 11 елді мекен табиғи газбен қамтылмақ. Осылайша газбен қамту үлесін 90,2 пайыздан 91,1 пайызға жеткізу жоспарлануда. Биыл жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынды. Жалпы, 3,3 шақырым көше жолдары құрылыспен, 11,4 шақырым жол қайта жаңғыртумен, 785,6 шақырым жол орта жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 97 пайыздан 98 пайызға дейін жетеді. Тараз қаласында 144 көшеге 86,8 шақырым асфальт төсеу жұмысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында 2 мектеп, екінші тоқсанда 3 мектеп, жыл соңына дейін тағы 4 мектептің лентасы қиылып, күрделі жөндеуден өткен 17 білім нысаны пайдалануға берілмек. Білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 690 білім нысаны 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтылды. «Әулие ата жастары» өңірлік бағдарламасы аясында былтыр 500 миллион теңгеге облыстық бюджет қаражаты есебінен 41 жас отбасы баспаналы болса, биыл 2 миллиард теңгеге 140 жасқа пәтер кілтін беру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні 121 қатысушыға «Отбасы банкке» жолдама берілді. Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыз тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды. Біздің басты құндылықтарымыз – тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! – деді Нұржан Молдиярұлы. Бұл күні сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып, қоғамдық өмірге белсене атсалысқан бірқатар азаматтарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табысталды. Атап айтқанда, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен еңбек ардагері Құрманбек Әлімжан, Меркі аудандық №20 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі басшысының орынбасары Дәулен Бегалиев, Тараз қаласы «Нұр Әлім» балабақша мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Лариса Матюшкова және «Ұлттық тестілеу орталығы» Тараз қаласындағы филиалының сарапшысы Гүлнар Сақыпбек марапатталды. Іс-шара соңында өңірімізге танымал Динара Диханбаева, Айна Қалмағанбетова сынды өнер жұлдыздары мен Жамбыл, Жуалы, Сарысу ауданының өнерпаздары әннен шашу шашып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  

Есен ӨТЕУЛІ

 

Ұқсас жаңалықтар