Әлеумет
Жуалыда "Асарлатып үй салу" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жан баспаналы болды
- author «Ақ жол»
- 30 тамыз, 2023
- 650
Жуалыда "Асарлатып үй салу" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жан баспаналы болды
⚜️Конституция күні қарсаңында Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған аулында мұқтаж жанға «Асарлатып үй салу» жобасы аясында үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.
🔹️Баспана кілтін табыстауға аудан басшылығы, ауыл тұрғындары қатысты. Қоныс тойын тойлаған шаңырақ иесіне басшылық тілектерін жеткізді. 🔸️Жетітөбе ауылдық округінің тұрғыны Дорош Василий Владимирович "Асарлатып үй салу" жобасының шарапатын көрді. Мүмкіндігі шектеулі жанға шаруа қожалық иелері мен кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары күш біріктіріп, 4 бөлмелі баспананы сыйға тартты. Көптің көмегімен күрделі жөндеуден өткен тұрғын үй жылу жүйесімен, ауыз сумен, отынмен қамтылған. 🔹️«Асар жобасы» мұқтаж жандарды баспанамен қамту мәселесін біртіндеп шешіп келе жатқаны қуантады.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




