Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Алға ауылдық округінде шағын футбол алаңы жастар игілігіне берілді. Оның ашылу салтанатына ауылдың еңбектеген баласынанеңкейген қариясына дейін жиналып, салтанатты сәттің куәсі болды. Ауыл тұрғындарын қуанышын бөлісе барған аудан әкімінің орынбасары Б.Бетбаев А.Оңғарбаев, Р.Райсов сынды ақсақалдармен бірге ақжарма тілегін білдіріп, осындай кәдені сыйға тартқан күннен жарық қуатын өндіретін кәсіпорын өкілдеріне өз алғысын айтты.
Аталған нысан округ іргесінен орын тепкен бұрынғы «М-Кат Green» қазіргі «Total eren»компаниясымен жекеменшік әлеуметтік серіктестікжобасы аясында 15 млн. теңгеге жуық қаржыға салынған. Оны ашылуы салтанатында сөз алған ауылдық округ әкімі Б.Есбергенов мәлімдеп отыр.
Мұнан кейін «Total eren» компаниясының өкілі Ж.Тілешов те сөз алып жұртшылықққа құттықтауын жеткізді.
-Бұл жаңа алаң біздің компаниямыздың инновация мен дамуға ғана емес, ауылдық жердің спорт және мәдениет нысандарының маңыздылығын терең түсінетінін көрсетеді. Осы нысан ауыл тұрғындарының тек қана физикалық жағынан емес сонымен қатар рухани тұрғыдан да қарым қатынасты нығайта түседі деген сенімдемін. Шағын футбол алаңын салуға өткен 3 жылдық әлеуметтік жобаларға арналған қаражатты салып қана қоймай, әрбір дүниесіне өзіміздің жанымыздың кішкентай бөлшегін қаладық десе де болады. Өздеріңіз көріп отырған дүние біздің жоспардың бастамасы ғана. Енді әр жыл сайын әлеуметтік маңызы бар жобаларға демеушілік танытуды дәстүрге айналдыратын боламыз,-деді ол.
Бұдан кейін Бақыт Аязұлы мен ауыл қариясыОрынбасар Байтеміров спорт нысанының лентасын салтанатты түрде қиып, жиналғандар ақ жаулықты аналар шашқан шашудан терді. Сондай-ақ бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы балаларға байғазы ретінде доп сыйлады. Су жаңа алаң ауылдың дәл ортасында орталық көше бойында орын тепкен. Жасанды жамылғысы да, қоршауы да сапалы көрініп тұр.
Осылайша аудандағы спорт нысандарының саны тағы біреуге артып, ауыл жастарының бос уақытын спортқа арнауға мүмкіндік туды. Бұл өз кезегінде жерлестердің бұқаралық спорт түрімен шұғылдануын арттыруға септігін тигізері сөз. Ауыл ішінен абыройға бөленген аяқ допшылар шыға беруіне тілектеспіз.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- 16 желтоқсан, 2025
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




