Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады
30 тамыз – Конституция күніне орай, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған азаматтардың салтанатты түрде ант беру рәсімі өтті. Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы «Даңқ залы» ғимаратында өткен іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтің кәсібилігін нығайта отырып, жағымды имиджін қалыптастыру. Сонымен қатар, мемлекеттік аппаратқа қоғамның сенімін нығайтып қана қоймай, азаматтарды адал қызмет етуге баулу және бірінші институционалды реформаны насихаттау. Салтанатты рәсімнің шымылдығы мемлекеттік Әнұранмен түріліп, алғы сөз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Лесбек Ілебаевқа берілді.
– Конституция – бұл негізгі заң, мемлекетіміздің төлқұжаты.
Тәуелсіз еліміздің мақсаттары мен басымдықтарын іске асыру үшін мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі, мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығы Конституцияның мызғымас қағидаттарына байланысты.
Бүгінгі өмірімізде орын алып жатқан барлық оң өзгерістер Ата Заңның шеңберінде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің кепілді құқықтары мен оларды әлеуметтік қорғаудың шаралары заңнамамен нақты қарастырылған, – деді Лесбек Құралбайұлы.
Сонымен бірге, салтанатты жиында облыс әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаров, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы облыс бойынша филиалының директоры Рауан Садырқұлов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілердің жұмысына сәттілік тіледі.
Келесі кезекте, мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант беріп, жиын соңы естелік суретке түсумен жалғасын тапты.
Мақпал СҮЙІНБАЙ.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- 16 желтоқсан, 2025
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




