Әлеумет
Тексеруші тұлғалардың әрекеттері Антикор мен Прокуратураның бақылауында болады
- author «Ақ жол»
- 25 тамыз, 2023
- 531
Тексеруші тұлғалардың әрекеттері Антикор мен Прокуратураның бақылауында болады
Бақылау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бұдан былай басты назарда болады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында бірлескен меморандум қабылданды.
Меморандум аясында апта сайын өңірдегі бақылаушы органдардың тексерулері туралы ақпарат алмасу, тексерушілермен және тексерілетін субъектілердің басшыларымен, сондай-ақ ұжыммен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу көзделуде.
Түсіндірме жұмыстары барысында департаменттің байланыс телефондарымен бөлісу, материалдық сыйақы беру және қабылдау кезіндегі бұзушылықтың салдары, салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеу үшін ұжымдық алымдардың жауаптылығы атап өтілетін болады.
Тәжірибеде мемлекеттік мекемелердің ұжымдары тексеруші лауазымды тұлғаларға ақша жинау жағдайлары кездеседі, сондай-ақ, тексерушілер салған әкімшілік айыппұлдар ұжымдық түрде төлеу деректері жиі қоғам таратыпан сынға алынады. Бұл туралы анонимді түрде «1424-CALL» орталығына да хабарласады.
Ұжымнан түскен хабарламалар, өзге де заңмен шектелмей түскен ақпараттар, тәуекел деңгейі жоғары тексеруші лауазымды адамдарды анықтауға мүмкіндік береді және ол бойынша тиісінше мониторинг жүргізілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- 16 желтоқсан, 2025
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




