Жаңа жобалар таныстырылды
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар жобалар қаралды. Атап айтсақ, «TB Alloys Kazakh Limited» серіктестігінің бас директоры Лалу Абинеш «Ферросилиций өндірісі» бойынша инвестициялық жобасын жүзеге асыруда кездесіп отырған инфрақұрылымға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.
Ал, «Sayazhay» серіктестігінің бас директоры Ғалымжан Шалатаев «BauyrSaq» – жол бойындағы қызмет көрсету бойынша инвестициялық жобасын ұсынды. Ол жаңа үлгідегі заманауи жол бойындағы сервистік нысандарды облыстың бірнеше жерінен салуға ниетті екендігін білдірді.
Сондай-ақ, ЖК Фархад Фазылов «Пышка – кондитерлік» жобасын кеңейтуге қатысты бірқатар өтініштерін жеткізді.
Басқосуда өзге де жобалар таныстырылды.
Облыс әкімі өз кезегінде аймақ үшін тиімді жобаларға жергілікті билік заң аясында әрі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қажетті қолдау шараларын барынша көрсететінін жеткізді.
Жауапты тұлғаларға кейбір мәселелердің шешу мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру бойынша тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталу керектігін атап өтті.
Назерке СӘНДІБЕК.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- Бүгін, 06:03
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




