1 қыркүйектен бастап Президенттік жастаркадр резервінің кезекті іріктеу кезеңі өз бастауын алады

1 қыркүйектен бастап Президенттік жастаркадр резервінің кезекті іріктеу кезеңі өз бастауын алады
ашық дереккөз
1 қыркүйектен бастап Президенттік жастаркадр резервінің кезекті іріктеу кезеңі өз бастауын алады

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының жанындағы ӨКҚ брифингіндеҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңЖамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің басшысыЛесбек Илебаев Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері туралыайтты.

Департампент басшысының айтуынша, үшінші іріктеудің ерекшелігі мемлекеттікаппараттың салалық кадрларға қажеттілігінескере отырып, мақсатты іріктеу жүргізу болмақ. Осылайша, кезекті іріктеу 6 негізгі сала бойыншажүзеге асырылады:

- Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту жәнесауда саясаты;

- Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортанықорғау;

- Сыртқы саясат және инвестициялар;

- Экономикалық және қаржылық саясат;

- Цифрландыру;

- Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

Сондай-ақ биыл үміткерлермен әңгімелесудіміндетті түрде салалық орталық органдарөкілдерінің қатысуымен өткізу тәжірибесіенгізілуде.

Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыстәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінентөмен емес меңгерген ҚазақстанРеспубликасының азаматы қатыса алады.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесіболу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратынкешенді іріктеуден өтуі тиіс.

Бірінші кезең – резервке іріктеуге қатысуүшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау. Ол2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығындаpkrezerv.gov.kz арнайы ақпараттық жүйесіндежәне онлайн режимде жүзеге асырылады. Іріктеу объективтілігін қамтамасыз ету үшінкандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Бағалаушылар үшінүміткердің кім екендігі беймәлім болады.

Екінші кезең – мәтіндік және сандықақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудантұрады. ҚР МҚІА Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы атап өткендей, тестілеу процесі аудио-бейне фиксациямен өтіп, өз бетінше өту шартының сақталуын қамтамасыз ету прокторинг жүйесімен қадағаланатын болады.

Үшінші кезең – ситуациялық тапсырмаларды шешу. Бұл кезең үміткерлердің таңдаған салалық бағыттарына байланысты ситуациялық тапсырмалар түріндегі нақты проблемаларды шешуге деген көзқарасын бағалауға бағытталған. Аталған кезең онлайн-режимде аудио-бейне жазбамен сүйемелденіп, эссе жазу форматында жүргізіледі.

«Орындалған тапсырманың шешімі қызметтің тиісті бағыттары бойынша бір уақытта үш салалық сарапшымен бағаланады. Сарапшылар пулы академиялық орта мен бизнес қауымдастық өкілдерін, мемлекеттік қызметшілерді қамтиды», – деді Лесбек Илебаев.

Төртінші кезең – ассессмент-орталығы мен құзыреттер бойынша сұхбат. Ассессмент-орталық Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді. Ол мінез-құлық индикаторлары арқылы кандидаттардың бойындағы белгіленген құзыреттерді анықтауға және бағалауға бағытталған.

Кандидаттардың мінезін бағалау топтық және жеке тапсырмалардан тұрады. Жалпы құзыреттерді бағалауға кемінде 15 сертификатталған бағалаушы және 5 супервизор тартылатын болады.

Өз кезегінде, құзыреттер бойынша сұхбат блогы кәсіби HR-менеджерлерін тарта отырып, онлайн форматтағы жеке терең сұхбат түрінде өткізіледі.  Сұхбат кандидаттардың ішкі уәждемесін және құндылық бағдарларын айқындайтын құзыреттерді анықтауға бағытталады.

Бесінші кезең – сарапшылық комиссиясындакандидаттармен әңгімелесу. Оның құрамынамемлекеттік органдардың басшыларытартылатын болады. Комиссия қорытындысыбойынша Ұлттық комиссия отырысында қарауғаұсынылатын қатысушылардың тізімі жасалады.

Алтыншы, соңғы кезеңде – Ұлттықкомиссияның отырысы өтіп, Президенттікжастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданады.

ПЖКР талаптарына сәйкес Резервкеалынған адамдар заңнамада белгіленгентәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшіліклауазымдарына, «Б» корпусының басшылықжәне А санаттар тобының лауазымдарынатағайындалуы мүмкін.

Лесбек Құралбайұлының айтуынша, Агенттіктарапынан іріктеудің барынша ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Кандидаттарды бағалау нәтижелері олардыңжеке кабинетінде және кезең қорытындысыбойынша pkrezerv.gov.kz жарияланып, барлықазаматтар үшін қатысушылар туралы ақпаратқолжетімді болады.

Брифинг соңында МҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы жастардыіріктеуге белсенді қатысуға шақырып, кәсібимемлекеттік қызметшілердің жаңа легінқалыптастыру маңыздылығына тоқталды.

Атап өту керек2019 және 2021 жылдарырезервке алынған 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттіксектор ұйымдарында жұмыс істейді, яғни жалпысанның 75%-ы жұмысқа орналастырылды.

Олардың ішінде 128 адам орталықмемлекеттік органдарда, 38 адам жергіліктіатқарушы органдарда, 57 адам ұлттықкомпанияларда, 41 адам адам өзге де ұйымдарда қызмет атқаруда. Сондай-ақолардың қатарында 31 резервші саясилауазымдарға,  6 резервші «А» корпусыныңлауазымдарына тағайындалса, бір резервист Мәжіліс Парламенті және 2 резервист мәслихатдепутаты болып қызмет атқаруда.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Жамбыл облысында бір резевші қызмет атқарып жатқандығы туралы айтып өтті.

ҚР МҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар