Айна Қалмағанбетова бас жүлде иеленді
Үш күнге созылған таланттар байқауына Қазақстан, Қырғыз, Өзбекстан, Әзірбайжан, Венгрия, Түркия, Солтүстік Кипр, тағы басқа елдерден 18 бен 35 жас аралығындағы 17 жас орындаушы қатысып, бақ сынады. Фестиваль барысында Айна Қалмағанбетова Төлеген Мұхамеджановтың «Құс жолы» әнін, екінші күні Эрик Карменнің «All By myself» әлемдік хит әнін жоғары деңгейде орындап, үлкен қошеметке ие болды.
Байқау қорытындысында жерлесіміз Айна Қалмағанбетова бас жүлдені жеңіп алып, 5000 АҚШ долларының сертификатын иеленді.
К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Айна Серікқызы – әнші, композитор ретінде бұған дейін де өнер жобалары мен халықаралық конкурстардың лауреаты атанған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» мемлекеттік наградасымен марапатталған.
Айта кетейік, 2013 жылы өткен «Making Asia» бірінші музыкалық фестивалінде Димаш Құдайберген еліміздің намысын қорғап, бас жүлдені жеңіп алған болатын.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- Бүгін, 06:03
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




