Бес мектептің құрылысы бітпей тұр
Бүгінде облысымызда 17 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 12-сінде күрделі жөндеу жоспарға сай жүргізілсе, 5 мектепте жөндеу жұмыстары оқу жылы басталғанға дейін аяқталмауы мүмкін. Бұл туралы Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Атенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Аталған департамент ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдарының 2023-2024 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді. Мониторингке облыстағы 438 жалпы орта білім беретін мектептер қамтылды.
178 мектепке күрделі жөндеу қажет. Оның 96-сында күрделі жөндеу жоспарланса, 82 мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу әзірге жоспарланбаған. 129 мектепте жылыту жүйесін жөндеу қажеттілігі анықталды. 36 мектепте жылыту қазандығы ғимараттың ішінде орналасқан.
Балалардың қауіпсіздігі бірінші орында. Бірақ облыстағы 15 мектепте бейнебақылау жүйесі мектеп аумағы бойынша қамтылмаған. 63 мектептің бейнебақылау жүйесі талапқа сәйкес келмейді.
– Сонымен қатар, 62 білім беру ұйымында интернет жылдамдығы 4 мегабит/сек төмен. 90 мектепте интерактивті тақталардың 50 пайызы істен шыққан.
70 мектепте спорт зал салынбаса, 108 мектеп спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.
Байзақ ауданында 6 мектепке, Жамбылда – 9, Меркіде – 5, Мойынқұмда – 1, Тұрар Рысқұлов ауданында – 5, Шуда – 4, Сарысуда – 3, Таласта – 2, Тараз қаласында 1 мектепке, жалпы 36 орта білім беру ұйымына асхана қажет, – деді Жасұлан Бекболатұлы.
40 мектепте арнайы кітапхана бөлмелері қарастырылмаған.
Облыс бойынша оқушыларды тасымалдауға 110 автобус бөлінген. Соның ішінде Шу ауданында – 8, Байзақ ауданында – 9, Сарысу ауданында – 1, Тұрар Рысқұлов ауданында 5 автобустың техникалық тозығы жеткен.
Шу ауданы Төле би ауылындағы әл-Фараби орта мектебінің құрылыс жұмыстары тек 70 пайыз орындалған. Балалар үшінші жыл басқа 4 мектепте білім алуда. Осы аудандағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп апатты жағдайда тұр.
Мойынқұм ауданының №1, В.Терешкова және Ағыбай батыр мектептерінде су басқа жақтан тасымалданып, арнайы ыдыстарда сақталады. Әжетханасы сыртта орналасқан.
Брифинг соңында Жасұлан Атенов журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Назерке СӘНДІБЕК.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді