1424-call орталығының нөмірі жақындай түсті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлық жобасы аясында волонтерлар Тараз қаласындағы «Firkan city» ірі сауда орталығында азық-түлік және тауар өнімдерінің сыртына Агенттіктің 1424-call орталығы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында әзірленген таратпа материалдарын орнатты. Осы бағыттағы жұмыс бұдан былай «Казпочта» бөлімшесінде де жүргізілетін болады. Қала тұрғындарына таратылатын төлем түбіртектерінде енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәтіндегі ақпарат орналастырылатын болады.
Корпоративтік еріктілік бағытында жүзеге асырылған бұл бағыттағы іс-шараларды жүргізудегі мақсат – қала тұрғындарын қоғам дерті болып табылатын жемқорлыққа қарсы күреске жаппай шақыру, жемқорлық әрекет орын алған жағдайдағы іс-әрекеттерге бағыт-бағдар беру, Агенттіктің колл орталығының нөмірін танымал ету.
Құрметті облыс тұрғындары, егер де Сіз қандай да бір сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылыққа тап болсаңыз, Агенттіктің 1424-call орталығына хабарласуыңызды сұраймыз! Жемқорлықты бірге жояйық!Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- Бүгін, 06:03
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




