БІР АЙДА АЗАМАТТАРДАН СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕРДІ ЖАРНАМАЛАУ ТУРАЛЫ 1200 ХАБАРЛАМАТҮСТІ
- author «Ақ жол»
- 15 тамыз, 2023
- 242
Пилоттық жоба басталғаннан бері 1200 хабарлама келіп түсті. Оның 1176 заңсыз контенттері бар сайттар, 21 есірткі жарнамасы бар граффитилер, 3 притондартуралы хабарламалар.
Анықталған 1 116 сайттар бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Кибернадзор» бағдарламасының мүмкіндіктері арқылы оларды бұғаттау және жою бойынша жедел шаралар қабылданды.
Граффити туралы 16 хабарлама полицияға жолданып, процессуалдық шешімдер қабылданып, граффитилержойылды.
Жалпы, халық арасында пилоттық жобаны іске асыру туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мысалы, бағдарламаны пайдалану ыңғайлылығы үшін QR-код арқылы оңайлатылған кіру қарастырылған, ол облыс орталығы мен аудандардың барлық қоғамдық орындарында орналастырылды.
Жобаны іске асырған сәттен бастап тұрғындар мен еріктілер азаматтық ұстанымын белсенді түрде көрсетті, бұл құқық қорғау органдарымен кері байланысты қамтамасыз етті.
Ең үздік еріктілер облыс прокуратурасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Қорытындысы бойынша облыс прокуроры мен Полиция департаментінің бастығы жобаны толық көлемде іске қосу және өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.
Жамбыл облысының прокуратурасы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді