Жобаға үш ауылдық округ қосылды

Жобаға үш ауылдық округ қосылды
ашық дереккөз
Жобаға үш ауылдық округ қосылды
Қазіргі таңда Қордай ауданында «Ауыл аманаты» жобасына тағы үш елді мекен енгізілуде. Олар Кенен, Қарасу және Қаракемер ауылдары. Биыл Кенен ауылдық округінде аталған жобаны іске асыруға жалпы 455,7 миллион теңге қаралған. 2,5 пайызбен несиелендірілу жобасы 5 бағыт бойынша іске асуда. Осылардың ішінде Кенен ауылы бойынша бірінші бағыт аясында 62 гектар жер теліміне көкөніс отырғызылған. Екінші бағыт бойынша бүгінгі күнге 342 миллион 700 мың теңгеге 96 өтінім тапсырылып, оның 73-інің өтініші қанағаттандырылды. Алынған мал саны тіркеуден өткен. Ал, үшінші бағыт бойынша 250 гектар алқапқа арпа себілген. Төртінші бағыт – Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 53,8 миллион теңгеге 9 дана әртүрлі техника сатып алынған. Олардың қатарында 2 трактор, 7 тіркеме агрегаттары бар. Бесінші бағыт – өз кәсібін ашу үшін 4 адам келісімшартқа отырып, жалпы 34 миллион 400 мың теңге көлемінде несие алған. Қарасу ауылдық округі бойынша жоба аясында ауқымды жоспарлар жасалуда. Мәселен, бірінші бағыт аясында 1251 ауланың 1188 ауласы қатысады, 238 гектар жер көлемі пайдаланылады деп жоспарлануда. 5 дана жылыжай, 1188 аулаға көкөністер егілмек. Мал шаруашылығы бағытын дамыту үшін 450 миллион теңгеге 2 мыңнан астам мал басы сатып алынбақ. Бүгінгі күнде 10 адам несие алып үлгерген. Қаракемер ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға жалпы 814,3 миллион теңгеге 105 ауыл тұрғынын 2,5 пайызбен несиелендірілу жоспарланған. Онда үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану 70 пайызға қамтылған. Яғни, 150 ауланың 105 ауласы қатыспақ. Жалпы, жоспар бойынша 17,93 тонна өнім өндіріледі. Оның 30 пайызы жеке тұтынуға яғни 5,379 тонна, 70 пайызы сатылымға шығарылмақ. Мал шаруашылығы бағытын дамыту үшін 342,7 миллион теңгеге 2198 мал басы сатып алынған. Оның ішінде 1329 бас мүйізді ірі қара,769 бас қой, 100 бас жылқы бар. Соңғы екі округте 4 және 5 бағыттар бойынша жұмыстар жалғасуда. Жыл соңына дейін «Ауыл аманаты» арқасында аталмыш үш ауылдың тұрғындары табысын арттырып, тұрмысын тіктеп алады дегенге үміт басым.  

Жандос ОМАРОВ, журналист.

Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар