ЖОҒАЛҒАН 46 БАС ЖЫЛҚЫ ТАБЫЛДЫ
Жуалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 47 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 46 бас малының ұрланғаны туралы хабарлаған. 5 көлікке мінген 14 полиция қызметкері жайылымда жоғалған жылқыларды іздеп, жақын маңдағы барлық аумақтарды тексеріп, көруі мүмкін деген куәгерлерді сұраққа алды. Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің ешкім ұрламаған малды іздеумен айналысқаны белгілі болып, олардың жоғалып кеткені анықталды. Жылқылар жайылымның өзге жақ бетінде жайылып жүрген жерінен табылды. Тәртіп сақшылары малды заңды иесіне қайтарды. Ауыл тұрғындары шұғыл шаралар қабылдап, жоғалған малды жедел тапқан полицейлерге алғыс білдірді.
Полицейлер барлық мал иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін қатаң сақтау қажеттігін, сондай-ақ малды қадағалаусыз жіберу малдың ұрлануына немесе жануарлардың өз бетінше кетуіне қолайлы жағдай жасайтынын ескертеді. Ал, қараусыз өз бетінше еркін жайылған төрт түлік жүйткіген көлік жолына шықса, салдары ауыр зардапты жол-көлік оқиғасына әкелуі әбден мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді