ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНАН АСА ІРІ МӨЛШЕРДЕ ГЕРОИН ТАБЫЛДЫ
«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 45 жастағы азамат құрықталды. Бұл жұмыстарды облыстық полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тараз қалалық прокуратурасының қызметкерлері бірлесіп жүргізген. Осылайша, тінту барысында күдіктінің киімінің қалтасынан 6 орам және үйін тінту кезінде тағы 10 орам – 1,065 грамм «героин» есірткі заты табылып, тәркіленген. – Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, – деді полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




