ҚАЖ қызметкерлері хәкім Абайға құрмет көрсетті
10 тамыз – біздің елде мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне «Абай күні» ретінде енгізілгені төрт жыл. Осылайша, бұл күні бүкіл Алаш жұрты үшін философ, композитор, данышпан-ойшыл Абай Құнанбайұлының құнды шығармаларын дәріптеуге мол мүмкіндік туды. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері де дара тұлғаның құрметіне бекітілген айтулы дата қарсаңында басқосу өткізді.
Темірдей тәртіпке мойынсұнатын ҚАЖ қызметкерлері қоғамның рухани дамуын көздеп, мәдени саланың ілгерілеуіне үлесін қосқан әрі тарихта өз ізін қалдырған ұлы ақынның төл туындылары қашанда өзекті екенін алға тартты.
- Абай хәкімнің бай мұрасын, оның асқақ тұлғасын биік тұғырға шығару бір күнге байланып қалмайтыны белгілі. Дегенмен, дербес күн белгіленіп, Үкімет тарапынан қаулы қабылдануы қазақ баласының тағы бір жаңа белеске көтерілгендігін көрсетеді. Абай тағлымына тағзым ету – Рухани жаңғырудың үлкен кезеңі, - деді жиын барысында мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Бағдат Байтуреев.
Айта кетейік, осынау күн өскелең ұрпақтың рухани байып, олардың мәдени құндылығын көтеріп, жастарды адамшылық пен ізгілікке жетелейтіні анық!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




