Таңғы нәсіп Тәңірден
Елсіз жатқан қызыл құмның арасымен Мойынқұм ауданынан қайтып келеміз. Ұшы қиыры жоқ, таусылмайтын ұзақ жол. Астымызда жол талғамайтын, осы заманның жүрдек көлігі. Қос көлік серіктесіп шыққанбыз. Біз артындамыз. Байқап келеміз, алдыңғы темір тұлпардың доңғалағына дәл түсіп, талай торғай тыпырлап құлап, жан тәсілім етті. Сарышұнақ, суырлар да көліктің алып доңғалағының астында қимылсыз қалып жатыр. Міне, осы жәндіктер жорғалап жүрген құрт-құмырсқаның жемі. Тірі болса жем болмас еді. Табанға тапталған соң, жемтікке айналды. Жаратушы құрт-құмырсқаның нәсібін осылай беріп тұр. Құрт-құмырсқаға нәсіп берген Жаратушы ерекше ақыл иесі адамға нәсіп бермеуі мүмкін емес. Адамға да береді. Ол үшін ұмтылыс, ізденіс керек. Құмырсқа да өзінен үлкен дәндерді тауып, арқалап, тер төгеді. Ал, онымен салыстырғанда адамзаттың мүмкіндігі шексіз.
Қазір біздің елдің жастарында да мүмкіндік көп. Жақында қыз ұзату тойының куәсі болдық. Күйеу жігіт те, қыз да Қытайда оқыған. «Қазақмыс» коорпорациясында еңбек етеді. Жалақылары бір миллион теңгеге жуық. Өздері ізденді, енді өздері қор болмайды.
Сол секілді, он екі мүшесі сау, жоғары білімі бола тұра, күзетші болып 75 мың теңге жалақы алып жүргендер де бар. Енді 75 мың теңге мен 1 миллион теңгені салыстырып көріңіз.
«Ағайын тоқшылық не дегізбейді,
Байқасаң жоқшылық не жегізбейді.
Ізденіп, бұл өмірден керегіңді ал,
Тауық та түннен тұрып жем іздейді», – деп жырлаған Айтмұханбет Исақов ақынның сөздерінде шындық бар!
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- Бүгін, 06:03
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




