Жамбылдық өнерпаздар Австрияда өнер көрсетті
Австрия мемлекетінің оңтүстігінде орналасқан Филлах қаласында биыл 4-6 тамыз аралығында «Villacher Kirchtag» атты дәстүрлі фестивальге К.Әзірбаев атындағы облыстық филармония қатысты. Фестивальде Мәдениет саласының үздігі Дастан Көрегеннің жетекшілігіндегі «Алатау» фольклорлық ансамблі, әншілер, Мәдениет с а ласының үздіктері Оңа л Азаматова, Жанатбек Кәдіров пен Жандос Омаров өнер көрсетті. Фестивальді 100 мың адам тамашалап, 40-қа жуық мемлекеттен 3 мыңға жуық өнерпаз қатысты.
Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы, Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Әлібек Бақаев облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайға, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармония директоры Сейітқасым Түктібаевқа Алғыс хат тапсырып, өнерпаздарды марапаттады.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- Бүгін, 06:03
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




