Таразда кәріз тазарту құрылысын салу жоспарлануда

Таразда кәріз тазарту құрылысын салу жоспарлануда
ашық дереккөз
Таразда кәріз тазарту құрылысын салу жоспарлануда
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының кәріз тазарту құрылыстарын салу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Басқосуға «Жамбыл су» МКК, «Метаг Холдинг» АҚ өкілдері мен бейнеконференция-байланыс режимінде Еуропалық қайта құру және даму банкі, «CEST Consulting» ЖШС, «PricewaterhouseCoopers (PwC)» ЖШС өкілдері қатысты. «Жамбыл су» МКК өкілінің берген ақпараты бойынша, қолданыстағы облыс орталығының сүзу алаңдары 1963 жылы іске қосылған, оған тәулігіне 75-80 мың текшеметр қалдық су түсуде. Жергілікті бюджет есебінен былтыр 217,07 гектар алқапта орналасқан қолданыстағы сүзу алқаптарына тағы 20 гектарды құрайтын 12 карта қосылған. Қазіргі таңда сарқын суларды тазарту мәселелерін шешу үшін жаңа құрылыстың жобасы әзірленуде. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 100 мың текшеметрді құрайды. Аймақ басшысы бұл бағыттағы мәселелерді шешуге кешенді көзқарас қажет екендігін атап өтті. – Кәріз-тазарту құрылыстарын салу жобасы – ең маңызды жобалардың бірі. Оған мүдделі тараптардың жол картасы бекітілді. Біздің ортақ міндетіміз – аталған жол картасы аясында іс-шараларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру,– деді Нұржан Нұржігітов. Кеңес барысында жобаны қаржыландыру, қалдық суларды тазарту және көлемін азайту бойынша заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.  

«Aq jol»-Aqparat.

 

Ұқсас жаңалықтар