Саладағы өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері мен персоналды басқару қызметтерінің басшыларымен «Адам ресурстарын дамыту орталығының» жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараны департамент басшысының міндетін атқарушы Руслан Шарипов ашып, орталықтың қызметі мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың жаңашылдықтарын, оның ішінде ауқымды түсіндіруді талап ететін сұрақтарға жауаптар ұсыну, мемлекеттік қызметке іріктеу, өткеру, тоқтату және тәртіптік практика бағыттарын одан әрі дамытуға бағытталғанын атап өтті.
Іс-шара барысында департамент мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Гүлназ Смағұлова «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген жаңашылдықтар, өзгерістер мен толықтарулар туралы баяндады.
Сонымен қатар, департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қуат Мәдиев мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын кеңінен түсіндірді.
Одан әрі облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Елдос Бекпатшаев жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері тарапынан әдеп нормаларын, мінез-құлық қағидаларын сақтау және қызмет әдебінің стандарттары жайлы айтты.
Жиынға қатысушылар жоғарыда аталған баяндамаларды кеңінен талқылап, қойылған сұрақтарға заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту мен жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізілді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйек айынан бастап жоспарланып отырған «Президенттік жастар кадр резерві» жобасының кезекті үшінші іріктеу жұмыстарын, оның ішінде, ақпараттық-түсіндірмелік шараларын бірлесе іске асыру мәселесі пысықталды.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді