Жүйелі жұмыс нәтиже береді

Жүйелі жұмыс нәтиже береді
ашық дереккөз
Жүйелі жұмыс нәтиже береді
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан, ауылдарға барған әрбір жұмыс сапарында тұрғындардың талап-тілегіне назар аударып келеді. Мәселен, өңір басшысы Талас ауданына кезекті жұмыс сапарында көтерілген бірқатар мәселе шешімін тапты. Облыс әкімінің жеке қабылдауында болған Үшарал ауылының тұрғыны Ырыс Еркебұлан ауыл маңындағы жайылымдық жерлер бойынша мәселе көтерген болатын. Ауыл тұрғынының айтуынша, Үшарал ауылындағы «Олжас-Жарас» шаруа қожалығының ауыл маңындағы жайылым жеріне ауыл тұрғындарының малын жайғызбай отыр. Ол әрине мал ұстап отырған ауыл халқының ренішін тудырған. Облыс әкімі бұл мәселені мұқият тыңдап, аудан әкімі Нұрбол Жүнісбековке тапсырып, өзінің бақылауында болатынын айтқан. Аудан әкімдігі тарапынан жүргізілген түсіндірме жұмыстары нәтижесінде «Олжас-Жарас» шаруа қожалығының төрағасы Әбдіқадыр Кенжебаев шаруашылыққа тиесілі 200 гектар жерінің 100 гектар жайылым жерін өз еркімен мемлекеттің жер қорына қайтарды. Қазіргі таңда сол жерге ауыл тұрғындарына мал жаюға рұқсат берілді. Осылайша, талай уақыттан бері өзекті болып келген мәселе оң шешімін тапты.

Есет ДОСАЛЫ.

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар