Құрылыс сапасын қадағалауды тапсырды

Құрылыс сапасын қадағалауды тапсырды
ашық дереккөз
Құрылыс сапасын қадағалауды тапсырды
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы әуелі «Самал» және «Мыңбұлақ» шағынауданындағы мектеп және балабақшаларға баратын С.Сейфуллин көшесіндегі жаяу жүргінші жолдарын көрді. Ұзындығы 1,89 километрді құрайтын жаяу жүргіншілерге арналған жол құрылысы биыл маусым айында басталған болатын. Жоспар бойынша қазан айында аяқталуы тиіс. Мұнда облыс әкімі жауаптыларға жақын маңдағы автобус аялдамасын екі бетке салу қажеттілігін назарға алып, жан-жақты қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов «Талас» шағынауданындағы арық жүйелері жұмыстарын да тексеріп, №40 гимназия ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарымен, «Талас» шағынауданы, №12 көпқабатты тұрғын үй алдындағы қоқыс алаңшасының жай-күйімен танысты. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нұржан Молдиярұлына Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қала аумағындағы арық жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Шаһар басшысының айтуынша, смета бойынша шамамен 33 километрді құрайтын арық жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қаладағы ирригациялық жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңіне 940 миллион теңге бөлінген. Бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес, 33 километрдей арық жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Биыл облыс орталығының шағынаудандарындағы арықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, қаланың өзге аудандарының арықтарын жөндеу жұмыстары алдағы жылдары іске асырылатын болады. Бүгінде жөндеу жұмыстары 35 пайызға орындалған. Қалған жұмыстар биыл қазан айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Облыс әкімі барлық құрылыстардың сапасы мен мерзім-кестелерінің сақталуын қатаң қадағалау керектігін баса айтып, қоқыс жәшіктерін реттеуді тапсырды.  

«Aq jol»-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар