Президент резиденциясы балалар игілігіне берілді

Президент резиденциясы балалар игілігіне берілді
ашық дереккөз
Президент резиденциясы балалар игілігіне берілді
Таразда еліміз бойынша жыл бойына жұмыс істейтін алғашқы оқу- сауықтыру орталығы ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Жамбыл ауданы, Гродеково ауылындағы резиденция ғимараты «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болып жұмысын қайта бастады. Б а л а л а р м е н ж а с ө с п і р і м д е р д і ң демалысын ғана емес, сауықтыру жағын да қамтамасыз ететін орталықтың салтанатты ашылуына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, қоғамдық ұйымның өкілдері, ардагерлер, аудандық мәслихат депутаттары мен ата-аналар қатысты. Қонақтар әуелі балалардың қолөнер, сурет көрмелерімен танысып, түрлі спорттық шаралар мен концерттік бағдарламаларды тамашалады. – Біздің мақсатымыз – балаларға сапалы білім мен тәрбие беру, оларға барынша көңіл бөлу, қолдау көрсету, жағдай жасау. Ең үлкен жұмыс – өзіміздің отбасымызда болуы тиіс. Міндетті түрде білім саласы мен отбасы арасында тығыз байланыс болу керек. Осы бірлескен жұмыстың арқасында балалар жақсы азамат болып өседі. Жылына 1000 балаға дейін қабылдайтын «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығына биыл облыстық бюджеттен 600 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Барлық жағдайды жасауға тырыстық. Екі үлкен оқу орталығы бар. Енді штат ашу, қаражат бөлу жөнінде тағы да ұсыныстар түсіп жатыр. Біз оның барлығын қолдаймыз, – деді облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы. Мұнан соң орталықтың салтанатты а ш ы л у ы н д а с ө з а л ғ а н Қ а з а қ с т а н Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан: «Мен бүгін ерекше қуанып тұрмын. Себебі, балаларға жасалған әрбір игілікті іс болашаққа жасалған үлкен қадам. Жеткіншектерге жасалған құрмет – еліміздің болашағына салынған үлкен инвестиция. Бүгінде республика бойынша 218 балалар орталығы бар. Олардың 17- сі ғана жыл бойы жұмыс істейтін оқу- сауықтыру орталықтары. 18-ші болып, міне, Жамбыл елінде, Тараздың төрінде ашылып отыр. Жасыратыны жоқ, тәуелсіздік алған жылдары біз 600-ге жуық балалар орталығын жоғалтып алдық. Осыны ескере келе, Мемлекет басшысы әкімдерге екі міндет жүктеді. Алғашқысы, 2026 жылға дейін ел аумағында 50 сауықтыру орталығын құру болса, екіншісі резиденцияларды балаларға оқу-сауықтыру орталығы ретінде ашу. Осы екі тапсырма да тұңғыш рет Жамбыл облысында жүзеге асты», – дей келе, жиналған жұртты құттықтады. Айта кетейік, жалпы алаңы 10 гектарды құрайтын оқу-сауықтыру орталығында 5 жатын корпусы, 2 бассейн, спорттық алаңдар, медпункт, үйірмелерге арналған ғимарат, коворкинг орталығы және гольф клубы бар. Балалар бұл орталықта жаз мезгілінде 12 күндік, басқа кезеңдерде 24 күндік сауықтырумен қамтылатын болады. Жыл бойына қызмет ететін орталықта бір ауысымда бесінші және тоғызыншы сынып аралығындағы 50 бала демалады. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі, үздік оқыған, көпбалалы отбасындағы балаларға да айрықша назар аударылады. Орталыққа Қордай ауылынан келген 12 жастағы Даяна Оразбек те ойымен бөлісті. – Мұнда келгеніме үш күн болды. Әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен мұндай лагерьді ешқашан көрмеппін. Бес мезгіл дәмді де құнарлы тамақ беріледі. Тәрбиеші, тәлімгерлер де мейірімді. Көп достар таптым. Осындағы вокал үйірмесіне қатысамын, себебі ән айтқанды жақсы көремін. Мұнда ағылшын тілі мен әдебиеттік оқу үйірмелері де бар. Оларға да жазылып, қатысып жүрмін. Маған қатты ұнап жатыр, – деді ол. Орталықта балалар түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылықтарын шыңдаумен қатар, волейбол, футбол, баскетбол сынды спорттық ойындарды да ойнайды. Шахмат, тоғызқұмалақ және асық ату секілді ұлттық ойындарды дәріптеуге, жалпы алғанда, баланың шығармашылық және зияткерлік дамуына да ерекше көңіл бөлінген.

Назерке СӘНДІБЕК.

Ұқсас жаңалықтар