Тұрғындардың тілегі ескерілетін болды

Тұрғындардың тілегі ескерілетін болды
ашық дереккөз
Тұрғындардың тілегі ескерілетін болды
Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе өңіріндегі 10 елді мекенге осыдан тура он жыл бұрын мемлекеттің жол картасы бағдарламасы аясында табиғи көгілдір отын құрылыс жүйелері тартылып басталса, бұл күнде олар атқарылған игі істердің рахатын көру үстінде. Тереңөзек ауылдық округінің құрамындағы күнделікті әлеуметтік тұрмыс-тіршіліктері, инфрақұрылымы жүйелі түрде дамыған 70 отбасын құрайтын Шолаққайыңды ауылына кезінде түрлі белгісіз себептермен газ кірмей қалған болатын. Бұл мәселе аудан әкімдерінің ауыл тұрғындарымен жылдық е с еп беру жиындарында айтылып, жазылып та жүр. 2021 жылы осы мәселе бойынша облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі Марат Құлибаевтың «Газы жоқ немесе көгілдір отынды көптен бері күтіп жүрген ауыл» атты мақаласы б а с ы л ы м ғ а ж а р и я л а н ғ а н б о л а т ы н . 8 4 ж а с т а ғ ы ауыл қариясы Бейшеналы Қ а л м ы р з а е вт ы ң т і л ш і г е берген сұхбатында, қыс бойы шелектеп көмір, күл тасып күйе болған ақ жаулықты аналар, жұбайлар мен келіндеріміздің де өкпе-реніші көп екенін айтқан болатын. Оның үстіне қыста делдалдар көмірдің бір тоннасын 30-35 мың теңге бағамен шарықтатып сатады. Өткен жылы Шолаққайыңды а у ы л ы н ы ң қ а р и я л а р ы ауданның сол кездегі әкімінің қабылдауында болып, ауылға газ құрылысын жүргізуіне ө т і н і ш б е р г е н . Ж а у а п ретінде аудан әкімдігінің маманы Б.Есеев мырзадан «Шолаққайыңды ауылына 2023 жылы көгілдір отын жүргізу құрылыс жұмыстарына жобалық сараптау құжаттары дайындалып, Республика бюджетінен қаражат бөлінді» деген жауап келді. Осы материал дайындалып жатқан м е з е т т е Ш о л а қ қ а й ы ң д ы ауылына «Шымкентрамстрой» м е к е м е с і н і ң м а м а н ж ұ м ы с ш ы л а р ы к е л і п , ат а л ғ а н ау ы л ғ а к ө г і л д і р отын құрылыс жүйесін әр отбасыға жүргізу жұмыстарын бастап, бір айда толық аяқтап, пайдалануға беретінін айтып, уәде беріп отыр. «Жылдар бойы өз шешімін таппай келе жатқан жұмыстардың о р ы н д а л у ы н а б а с ш ы л ы қ жасап отырған азаматтарға алғысымыз шексіз» дейді ауыл тұрғындары.  

Бейбіт БАЙСАРИЕВ,

Т.Рысқұлов ауданының құрметті ардагері.

Ұқсас жаңалықтар