Әдеп – тәрбие негізі
Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Шәкәрім оқулары» ұйымдастырылды. Мұнда мешітке келуші жастар Шәкәрім жырларын жатқа оқып, жарысты. Айша бибі ауылдық мешітінде өткен «Әдеп – тәрбие негізі» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Жиында ауыл жастарының тәртібі, ұрлыққа жол бермеу, пайдалы істермен шұғылдану мәселелері кеңінен қамтылды. Ал, Құмтиын ауылындағы «Ботабай» мешіті «Бір айда бір кітап оқы» іс-шарасын белсенді ұйымдастырды. Мұнда жастардың белсенділігі басты назарда. Жастар қандай кітап оқитынын өздері таңдайды. Бұл іс-шараның да жастарды кітап оқуға дағдыландыруға тигізер әсері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




