Стансада қуат өндірісі артты
Табиғи қуат көзін өндіру облысымызда ең бірінші болып Т.Рысқұлов ауданында жүзеге асырылған болатын. Қазіргі таңда Қарақыстақ ауылдық округіндегі тау шатқалында «Қарақыстақ» су электр стансасы жұмыс істеуде. Стансаның жобалық қуаты 2,3 мегаватты құрайды. Станса директоры Нұрдос Қалдыбалиннің айтуынша, станса 2013 жылы іске қосылған. Жобалық құны – 1 миллиард 007,9 миллион теңге. Станса сағатына 2300 киловатт электр энергиясын өндіруде.
– Табиғат көздері – жел, күн мен су энергиясынан алынатын қуат көзін пайдалану арқылы әлемнің дамыған елдері дербес экономиканы қалыптастыруға көшкен. Мәселен, Оңтүстік Корея ішкі жалпы өнімнің үш пайызын немесе 60 миллиард АҚШ долларын «жасыл» сектордың дамуына бөледі. Сонымен қатар, АҚШ «Жасыл экономиканы» дамытудың негізгі бағыты ретінде баламалы энергияны жетілдіру жолын таңдады. Бұл тұрғыда біздің мемлекет әлемдік тәжірибеге сүйене отырып облысымызда түрлі жобаларды кезең-кезеңмен жүзеге асыруда. Біздің алдымызда алдағы уақытта судан алынатын энергия көзін арттыру жоспары тұр. Біз тұжырымдама аясында жүктелген міндеттерді орындау арқылы экологиялық өнімнің үлесін арттыратын боламыз. «Қарақыстақ» су электр стансасы «Жасыл экономиканың» алғашқы қарлығашы десе де болады, – дейді Нұрдос Мұханұлы.
Бүгінгі таңда стансада 15 адам жұмыс істеуде. Судан өндірілген өнім KEGOC-тың біртұтас энергия жүйесіне берілуде.
Диас МАРАТҰЛЫ.
Т.Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді