Еңбек жасақтары жұмысқа кірісті

Еңбек жасақтары жұмысқа кірісті
ашық дереккөз
Еңбек жасақтары жұмысқа кірісті
Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жуырда «Жасыл ел» еңбек жасақтарының маусымдық ашылу салтанаты өтті. Оған облыс әкімі аппараты әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің басшысы Асылжан Құрманов және «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қаныбек Мұратбаев қатысты. Олар «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары мен жастарға жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі. «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қаныбек Мұратбаевтың айтуынша, жастарды бос уақытында еңбекке баулу мақсатында жыл сайын «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмыс істеуде. Өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасағына жергілікті бюджет есебінен 120 миллион теңге бөлініп, 1820 жас маусымдық жұмысқа тартылған болатын. Ал, биыл «Жасыл ел» жобасына облыс бюджеті есебінен 136,2 миллион теңге бөлінді. Жоба аясында 1900 жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарлануда. – Қазіргі таңда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасы өз жұмысын бастап, Тараз қаласы мен аудандарда жалпы 72, 1 миллион теңгеге 907 жас маусымдық жұмыстарға тартылды. Оның ішінде 133-і NEET санатындағы жастар болса, 9-ы пробация тізімінде тұрғандар. Тараз қаласы мен аудандар бөлінісі бойынша айтсақ, бұл жобаға Тараз қаласынан 187 жас тартылып отыр. Қалғаны аудан еншісінде, – дейді Қаныбек Мұратбаев. Бүгінде «Еңбек жастары» бригадасы жоба аясында іске кірісіп кетті. Жалпы, жобаның мақсаты – көктем, жаз, күз мезгілдерінде еңбек етуге ниет білдірген жастарды құрылыс ныс андарында, егістік алқаптарында, елді мекендердің жол және су объектілерінде маусымдық жұмыспен қамту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану. –«Еңбек жастары» бригадасына 16 мен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жоба облыстық жастар саясаты басқармасынан бастау а лып, аймақтық Жаст ар ре сурстық орт а лықт ары арқылы жалғасын табатын болады. Жоба аясында студенттік құрылыс, шаруашылық жастары және жол құрылысының жастары жасақтарын құру көзделген. 12 маусымнан бастап басқарманың студенттік құрылыс жасағы өз жұмысын бастады. Бүгінгі күнге облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы мен Тараз қаласы әкімдігінің тарапынан ұсынылған 7 құрылыс нысанына 100 студентті қамту мүмкіндігі қарастырылды. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты тарапынан жұмыс істеуге ниетті 33 студент анықталып, өз өтініштеріне сәйкес құрылыс нысандарына бөлініс жасалып, жұмыстарын бастады, – дейді «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қаныбек Мұратбаев.  

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар