Жамбыл облысында кремний кластері құрылады
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Tas Market» ЖШС басшылығымен кездесті.
Тараптар «Тараз химиялық арнайы экономикалық паркі» аумағында қуаттылығы жылына 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейін ферросилиций, ферросиликомарганец, техникалық кремний, түсті металдар өндіретін металлургиялық зауыт құрылысы жобасының жүзеге асу барысын талқылады.
2026 жылға дейін іске асуы көзделген жоба бойынша 1500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
«Tas Market» ЖШС серіктесі – «Xinjiang Jingweike New Energy Development Co., Ltd.» компаниясымен «Тараз» химиялық паркі» АЭА аумағында тек металлургиялық зауыттың ғана емес, басқа да кәсіпорындардың қажеттіліктеріне сәйкес қуаттылығы 700 МВт/сағ электр станциясын салуды көздеп отыр. Жобаның құны 50,0 млрд. теңгені құрайды.
Осы және өзге жоспарларымен бөліскен «Tas Market» ЖШС директоры Алмасбек Омаров жобаның кремний кластерін дамытуға мүмкіндік беретінін баса айтты.
- Біз алдағы уақытта да тиімді ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайынбыз. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламалар аясында жан-жақты қолдау көрсететін болады. Біз үшін зауыттың тұрақты жұмыс істеп, дамуы маңызды, - деп түйіндеді сөзін Нұржан Нұржігітов.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




