Жер телімдері электронды түрде беріледі
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап облыс орталығы Тараз қаласы мен Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларында жер учаскелері жаңа әдіспен, яғни электронды түрде берілетін болады. Бұл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 15 наурызда қабылданған жаңа Заң жобасында көрініс тапқан. Осыған сәйкес, Жер Кодексіне 44-2 бап деген жаңа тармақ қосылып, соның негізінде жер учаскелері 2 түрлі әдіспен беріледі. Біріншісі, электронды форматта тікелей ұсыну, екіншісі, сауда-саттық арқылы. Аталған қызметтерді алу үшін, бірінші кезекте өтініш беруші «E-Gov» порталына тіркеліп, «Жария кадастрлық карта» арқылы өтінішті ұсынады. Өтініш одан әрі облыстың e-jambyl.kz «Өңірлік геоақпараттық жүйесіне (Геопорталына)» жолданылады.
Геопорталда берілген өтінішке сай тиісті жер учаскесін беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдау, берілген жағдайда қажетті құжаттарды дайындау, келісімдерді алу, дайын құжатты ұсыну сияқты жұмыстар атқарылады.
Тиісті шешімдерді қабылдау, келісімдерді алу бойынша әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін, «Жария кадастрлық картаға» жер учаскелері (шекаралары, берілгендері, бос жер уч.), құқықтық және қала құрылысы (бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, автомобиль жолдары, ерекше жағдайлары бар аймақтардың шекараларын қорғау аймақтары, су қорғау аймағы / жолағы, цифрландырылған инженерлік желілер, ғимараттар мен құрылыстардың контурлары, мекенжай массиві, гидрография объектілері және т.б.) талаптары туралы деректер енгізіледі.
Жоғарыда аталған деректер бірінші кезекте облыстың e-jambyl.kz Геопорталына толықтырылып, одан әрі Геопортал мен интеграция жұмыстарын жүргізу арқылы «Жария кадастрлық картаға» ұсынылады.
Қазіргі уақытта, облыстың Геопорталына бірыңғай талапқа сай базалық гис-қабаттар енгізілді. Яғни, тұрғындар үшін геопорталдың ашық картасына 160-тан астам және қызмет бабында пайдалану үшін Геопорталдың электрондық кезекші картасына 367 картографиялық деректер енгізілді.
Ол дегеніміз:
- Облыс, қала, аудан шекаралары;
- Ауылдық округтердің шекаралары;
- Елді мекендердің шекаралары;
- Жер учаскелерінің учаскелері;
- Жер учаскелерінің бағалау аймақтары;
- Аумақтарды пайдаланудың ерекше жағдайлары бар аймақтардың шекаралары (қорықтар, су қорғау аймақтары, қорғау аймақтары, рекреациялық аймақтар және т. б.);
- Ғимараттар мен құрылыстардың контурлары;
- Көше жолдары желісі;
- Автомобиль жолдары желісі;
- Теміржол желісі;
- Гидрография объектілері;
- Қала құрылысы регламенттері (қызыл сызықтар, әртүрлі функционалдық мақсаттағы аймақтар аумағын пайдалануға рұқсат етілген құрылыс салу параметрлері);
- Бос жер телімдері;
- Мекенжай жоспары;
- Бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары;
- Функционалдық аймақтар;
- Газбен жабдықтау желілері;
- Сумен жабдықтау және су бұру желілері;
- Электрмен жабдықтау желілері;
- Жылумен жабдықтау желілері;
- Телефон (байланыс) желілері;
- Кәріз желілері жүйесі туралы деректер;
- Сәулеттік бұрмалар (архитектурные отводы);
- Жер учаскелерінің уақытша қабаты енгізілді.
Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ,
облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді