Әлеумет
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде 1,7 млрд теңгеге 10 денсаулық сақтау нысанын салу және 1,5 млрд теңгеге 10 нысанды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған
- author «Ақ жол»
- 25 мамыр, 2023
- 625
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде 1,7 млрд теңгеге 10 денсаулық сақтау нысанын салу және 1,5 млрд теңгеге 10 нысанды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады. Оның айтуынша, саланың медициналық техникамен жабдықталу деңгейі – 91,9%. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен бөлінген 2,4 млрд теңгеге қажетті медициналық құралдар алып, жабдықталу деңгейі 96,6%-ға жеткізілмек. «Халықаралық тәжірибеге сәйкес «Үздік тәжірибе орталығы» пилоттық жобасы облыстағы 5 денсаулық сақтау нысанында іске асырылып, оң нәтиже көрсетуде. Халықты сапалы медициналық қызметпен қамту мақсатында 3 ауданда орталық ауруханалар құрылысы мен 3 ауданда көпбейінді ауданаралық ауруханаларды қайта жаңғырту жобаларының құжаттары әзірленуде», - деді спикер ОКҚ алаңында.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




