Әлеумет
Жамбыл облысында тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді
- author «Ақ жол»
- 25 мамыр, 2023
- 596
Жамбыл облысында тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді
Жыл басынан бері 155,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 698,7 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарланған. Бүгінде құны 13,2 млрд теңгені құрайтын 3929 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Биыл 2564 пәтерлік 45 үй тапсырылады. Өңір әкімі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, жастардың баспана мәселесін шешу мақсатында «Әулие ата жастары» атты өңірлік бағдарлама қабылданды. «Біз тұрғын үй мәселесін тек бюджет қаражаты есебінен ғана емес, ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрлі «Асар» тәсіліне де ден қойдық. Мәселен, жоба басталғалы асарлатқан ағайынның көмегімен 338 мұқтаж жерлесіміз баспаналы болса, биыл 105 отбасына қуаныш сыйласақ деген ниетіміз бар. Сонымен қатар 3,3 млрд теңгеге 44 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді», - деді облыс әкімі ОКҚ алаңында.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




