Әлеумет
Жамбыл облысында суармалы егіс алқабын ұлғайту үшін ауқымды шаралар қолға алынды
- author «Ақ жол»
- 25 мамыр, 2023
- 524
Жамбыл облысында суармалы егіс алқабын ұлғайту үшін ауқымды шаралар қолға алынды
Мемлекет басшысының суармалы жер көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жол картасы бекітілді. Оның аясында 2025 жылға дейін 124 мың гектар алқап қалпына келтірілмек. Бұл туралы өңір басшысы Нұржан Нұржігітов ОКҚ алаңында мәлімдеді. «Халықаралық қаржы институттары арқылы 40 млрд теңге қаржы бөлініп, 33,9 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілді. Сонымен қатар 257 нысанды жөндеу арқылы 54,9 мың га алқапты айналымға қосу көзделген. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 11, республикалық бюджет есебінен 3 су қоймасының құрылысы жүргізіледі. Жерасты су қоры пайдаланылады», - деді спикер ОКҚ алаңында.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




