Әлеумет
Шетелдік инвесторлар Жамбыл облысында жел электр станцияларын салуға қызығушылық танытуда
- author «Ақ жол»
- 25 мамыр, 2023
- 527
Шетелдік инвесторлар Жамбыл облысында жел электр станцияларын салуға қызығушылық танытуда
Жамбыл облысының күн, жел және су арқылы электр станцияларын салуға әлеуеті өте жоғары. Мемлекет басшысының бастамасымен өңірде бірқатар ірі жобаларды іске асыру жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов хабарлады. «Атап айтқанда, «Total Eren», «Masdar» және «Kidf» компаниялары ауқымды жел электр станцияларын (1 ГВт) салуға ниет білдіріп отыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Қытай еліне ресми сапары кезінде қытайлық «State Power Investment Corporation» компаниясымен тағы осындай бір жобаға келісім жасалды. Нәтижесінде бұл салаға тартылатын қаржының көлемі шамамен 3 млрд АҚШ долларынан асады және облыстың жаңартылатын энергия көздерінің республикадағы үлесін 40%-ға жеткізу жоспарланған», - облыс басшысы Н. Нұржігітов.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




