«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таулы-жаяу жорықтардың бастауы

Таулы-жаяу жорықтардың бастауы
ашық дереккөз
Таулы-жаяу жорықтардың бастауы
Бүгінгі таңда спорттық-сауықтыру туризмі туристер ортасында үлкен танымалдылыққа ие. Ол шаршағанды басуға көмектесетін демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікке көмектеседі. Көп адамдар таулардың сұлулығын, шатқалдар мен сарқырамаларды көргісі, таулы өзендерде жүзгісі, тау шаңғысымен немесе жылқымен серуендегісі келеді. Бұл экотуризмнің дамуына жол ашатын мүмкіндік. Спорттық туризм үшін маршруттардың белгілі бір күрделілігі, жолдың ұзақтылығы, бөгет-кедергілердің күрделілігі, қоныстанылмаған жерлерде болудың жағдайлары, әртүрлі қиындықтағы сынақ жорықтарының саны бекітіледі. Спорттық жорықтар дәл физикалық тәрбие мақсатында ең мамандандырылған түрі болып табылады. Спорттық-сауықтыру туризмі нысаналы мақсатты функцияға ие – ол табиғи кедергілерді өтудегі спорттық жетілдіру. Бұл адамның кесіп өткен жері бойынша қауіпсіз қозғалысы үшін қажетті біліктер мен дағдыларды, білімдердің барлық кешенін жетілдіру және күрделі табиғи кедергілерден өту үшін физикалық дайындықты барынша жетілдіру болып табылады. Жаяу және таулы-жаяу жорықтардың басты ережелері шаңғы туризмінен таралады, бірақ оның өзінің ерекшеліктері бар. Қазақстанда шаңғы туризмін дамытуға болатын бірден бір тау – Мұзтау шыңы. Мұзтау шыңы – Қазақ Алтайының ең жарқын бөлігі, өр Алтайдың ғана емес, бар Сібірдің ең биік нүктесі. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі саяхатшылар, ғалымдар, эзотериктер мен альпинистер осынау екібасты шыңға бағзы замандардан-ақ үлкен қызығушылықтарын танытып келеді. Мұзтау дұрыс емес пирамида пішініндегі Батыс (4435 м) және Шығыс (4506 м) шыңдардан құралған, екеуінің арасында биіктігі 4000 метрге төмендейтін «Мұзтау ертоқымы» еңісі орналасқан. Орыс ізашарлары қар құрсауындағы шыңды алғашында «Белуха» деп атаған екен. Бүгінде Мұзтаудың баурайына сан түрлі жаяу, атты, тіпті тікұшақ жорықтары ұйымдастырылып жүр. Қазақстанда дамытуға болатын тағы бір туризмнің түрі – альпинизм. Біздің елімізде таулар көп болғанының себебінен бұл туризм түрін дамыту өте қолайлы болып келеді. Туризм – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризмнің белсенді түрлеріне жаяу, шаңғы, тау, су, велосипед және бағыттың бойында құрамдасқан туристік саяхаттардың басқа да түрлері жатады. Кейде жоспарлы түрде жүргізілетін туристік саяхаттар барысында көлік түрлерін дайындалатын туризмнің белсенді түрлеріне жатқызылады. Соңғы 10-12 жылда қазақстандық туристік фирмалары шетелдіктер қатысатын турларға енгізуде. Мамандар спорттық туризмнің негізгі қызметі табиғи кедергілерден өтуді спорттық жағынан жетілдіру арқылы адамның жер бедері күрделі өтуге қиын жерлердегі кедергілерден қауіпсіз өтудің іскерлік дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Саяхаттың белсенді түрлерін туризм индустриясында пайдаланудың ғаламдық және өңірлік маңызы бар. Өйткені белсенді туристік жорықтарда әлемдік әлеуметтік құбылыс ретіндегі туризмнің танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, спорттық, эмоциялық-психологиялық, эстетикалық, сауықтыру, шығармашылық, жекелеген жағдайда зияраттық қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Туризмнің белсенді түрлерімен айналысу барысында үш мәселеге баса назар аудару қажет. Біріншіден, туризмнің белсенді түрлерімен айналысу туристердің физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, туристік техникадан өтетін жарыстарға қажетті арнайы шеберліктері мен іскерлік-дағдыларын қалыптастырады. Үшіншіден, туристік жорық жетекшілері мен қатысушылардың спорттық біліктіліктері, жаяу туризммен айналысу барысында ағзаға түсірілетін ең жоғарғы салмақты реттеуге мүмкіндік береді.  

Даяна ТЛЕУҒАБЫЛ,

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «География және табиғаттың тіршілікке үйлесуі» білім беру бағдарламасының І-ші курс студенті.

Тұрсынай ТАЖИЕВА,

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасының доценті.

Ұқсас жаңалықтар