Жол қателікті кешірмейді
18 мамыр күні таңғы сағат 04:45-те Алматы-Ташкент тас жолында, нақтырақ айтқанда, Жуалы ауданының Ақбастау ауылының маңында жеңіл автокөліктің жол белгісі бағанасына соқтығысуы салдарынан көлік ішінде қысылып қалған адамдарға көмек қажет екендігі жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Жуалы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің 1 автокөлігі мен құрамында 5 адам бар жеке құрамы шұғыл аттанды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар оқиға орнына жеткенше кездейсоқ жолаушылар жол апатына түскен автокөлік ішінде қысылып қалған жүргізушіні шығарып алған. Авариялық-құтқару құралдарының көмегімен құтқарушылар көлік ішінде қысылып қалған екінші адамды шығарып, «Жедел жәрдеммен» Жуалы аудандық ауруханасына жөнелткен.
Осыған орай, облыстың төтенше жағдайлар департаменті жалпы автокөлік жүргізушілерін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әрдайым үйде отбасы мен жақындарыңыздың күтіп отырғандығын естен шығармай, сақтық шараларын сақтау қажет. Жол қателікті кешірмейтіндігін естен шығармайық.
ТЖД баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




