«Садыханда» сабақ өтті
Жақында қалалық төтенше жағдайлар басқармасы «Садыхан» облыстық консультациялық-диагностикалық медициналық орталығында облыстық департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп өрт-тактикалық сабақ өткізді. Сабақты өткізуге аталған өрт сөндіру бөлімінің 2 техникасы мен жеке құрамының 8 қызметкері жұмылдырылды. Сабақтың басты мақсаты – өрт сөндіру қызметінің басшы және қатардағы құрамының объектідегі шартты өртті сөндіруді ұйымдастыру мен тактикасының барлық мәселелерін практикалық пысықтау, сондай-ақ объект персоналымен өзара іс-қимылды пысықтау.
Бөлімшелердің алдына қойылған міндеттер сәтті орындалды, сабақ нәтижесінде барлық қажетті әрекеттер тиісті деңгейде пысықталды. Қорытындыда ескертулер мен кемшіліктерді көрсете отырып, талдау жүргізілді. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар басқармасының мамандары медициналық орталықтың қызметкерлерімен өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша нұсқаулық өткізіп, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бар жадынамалар таратты.
Қайрат АЛМАБЕК,
төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




