Сауда орталығындағы шара
Жыл басынан бері облыста 223 өрт тіркеліп, соның салдарынан 8 адам қаза тапқан. Ал қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 2 адам суға батып кетті.
Осыған байланысты, өрттердің алдын алу және адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ халықтың өрт қауіпсіздігі және жазғы судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға назарын арттыру мақсатында өткен жұмада Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бірлесе отырып, қаладағы «Маrt» сауда орталығында шомылу маусымы кезінде су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс және өрт қауіпсіздігі тақырыбында флешмоб өткізді.
Іс-шараға облыстың төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және қалалық білім бөлімінің өкілдері мен еріктілер қатысты. Өткізілген шара барысында азаматтық қорғау қызметкерлері орталыққа келушілерге және қызмет көрсетуші тұлғаларға су айдындарында және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, келушілерді бірінші кезектегі өрт сөндіру құралдарын пайдалану қағидаларымен таныстырды. Ал, мектептен тыс жұмыстар орталығының оқушылары шара қонақтарының назарына сахналық қойылымдар ұсынды. Өмір қауіпсіздігі бойынша білім алған келушілер іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




