Сақтық шараларын қамтамасыз ету – басты назарда

Сақтық шараларын қамтамасыз ету – басты назарда
ашық дереккөз
Сақтық шараларын қамтамасыз ету – басты назарда
Жыл сайын өрттің қауіпті кезеңі басталар алдында облыстың аумағында дала және орман өрттерінің алдын алуға, мемлекеттік орман қоры жерлеріне табиғи өрттердің таралуына тосқауыл қою мақсатында өрт сөндіру оқу-тәжірибелік жаттығу өткізіледі. Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 ақпандағы №11 қаулысымен «2023 жылдың өрт қауіпті маусымында облыс аумағында өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілген. Осы жоспарға сәйкес жақында облыс аумағында практикалық оқу-жаттығулар ұйымдастырылып, өткізілді. Оқу-жаттығуға облыстың төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері және жергілікті атқарушы органдардың ерікті өртке қарсы құрылымдарының күштері мен құралдары қатысты. Аталған ауқымды шара кезінде шартты орман дала өрттерін сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың өзара іс-әрекеттері пысықталды. Орын алған кемшіліктер дер кезінде түзетіліп, алдыңғы кезеңде ескерілетін болды. Жалпы аталған оқу-жаттығуларға 715 жеке құрам, 212 түрлі техника қатыстырылды. Практикалық жаттығу жоспары бойынша қойылған талаптар мен мақсаттар орындалды. Табиғи өрттердің алдын алу бойынша өртке қарсы құрылымдардың 800-ден астам жеке құрамы оқу курсынан өтіп, бекітілген үлгідегі сертификаттар алды. Тұрғындарға 6 мыңнан астам жадынамалар мен ақпараттық парақтар таратылды. Жалпы 500-ден астам адам қамтылған 23 жиын өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік бейнероликтер көрсетілуде. Тұрғындар арасында, ауылдық аймақтарда, балабақша мен мектептен бастап өртке қарсы білімді терең, жақсы ойластырылған, жүйелі және дәйекті насихаттаудан тұратын түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу азаматтар мен олардың мүліктерінің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, сондай-ақ облыстағы өрт қауіпі кезеңінде табиғат қорының өртке қарсы қорғанысын нығайтуға ықпал етеді деп үміттенеміз.  

ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы.

           

Ұқсас жаңалықтар