«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Құрылыс нысандарының барысы бақылауда

Құрылыс нысандарының барысы бақылауда
ашық дереккөз
Құрылыс нысандарының барысы бақылауда
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаев есеп берді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 370 нысанның 259-ы мемлекеттік бюджет, 111-і жеке қаражат есебінен жүргізілуде. Облыста құрылыс жұмыстарын жүргізуге құқығы бар 949 лицензиаты бар компания бар. Оның 780-і құрылыс-монтаж жұмыстарымен, 124-і жобалау, 45-і ұйымдастыру және іздестіру қызметімен айналысады. Бұдан бөлек, сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған 1006 сарапшы тіркелген. Оның 768-і техникалық қадағалаушы, 45-і техникалық зерттеп қарау, 166-сы жобалау жұмыстарының сарапшысы болса, 27-сі авторлық қадағалаушы. – Биыл басқарма тарапынан 47 құрылыс нысанында жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, олар бойынша 79 әкімшілік іс қозғалды. Заң талаптарын орындамаған мердігерлерге 22 миллион 770 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Мәселен, құрылыс жұмысына немқұрайлылық танытқан Жуалы ауданы Қайрат ауылындағы 149 орындық мәдениет үйінің құрылысына тексеру жүргізіліп, нысанның бас мердігері «ЕрК Астана» ЖШС-не әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар, 4 техникалық қадағалаушының аттестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды, – дейді басқарма басшысы. Бұдан бөлек, басқарма тарапынан Т.Рысқұлов ауданында – 4, ал Меркі ауданында 2 нысанның құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізіліп, бұзушылықтар тапсырыс берушілерге ескертілген. Ендігі кезекте Жамбыл және Байзақ аудандарындағы құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстар кезегімен барлық аудандарда және Тараз қаласында өткізілмек. Жиын соңынан басқарма басшысы баспасөз мәслихатында журналистер қойған сұрақтарға жауап берді.  

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Ұқсас жаңалықтар